ЖШС “Nursultan City” бөбекжай-балабақшасы 2024 жылы 1 қыркүйектен бастап өз жұмысын бастады. Балабақша 3 қабатты “А” және “Б” блогынан тұрады. Сыйымдылығы 640 балаға арналған. Балабақшада 26 топ бар. Тәрбиеленушілермен оқыту және тәрбиелеу жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балабақша педагогтары бүлдіршіндерді тәрбиелеуде жаңа технологияларды қолдана отырып, шығармашылықпен жұмыс атқарады. Педагогтар әрдайым өз білімдерін жан-жақты көтере отырып, республикалық, облыстық, қалалық байқауларға қатысып жоғары жетістіктер көрсетіп келеді.
Меңгеруші: Ұзақбай Гүлсайран Борантайқызы